русская версия  
 

 
 
     
 
 
     

Балабақшадағы ic-шаралар

"Жауқазын"балалар шығармашылық өнер фестивалі.

29.05.2014 жылы мектепке дейінгі білім беру ұйымдары арасында "Жауқазын"балалар шығармашылық өнер фестиваліне балабақшамыздан әншілер және бишілер тобына 20 бала/6 жастағы ұл,қыз/қатысты.Жұмыс тақырыбы ән бойынша -хор "Достықтың теңізі-Каспий" ,ән-саз жетекшісі Кубрякова Н. және тәрбиешілері Аяпбергенова С,Нұржанова Л.Жұмыс тақырыбы би бойынша "Көңілді достар биі",Жетекшісі -Кубрякова Н.,Тәрбиешісі -Бишенова Б.Жүледілі орынға ие болған жоқ,қалалық фестивальге қатыстырылды.

Дата: 19.05.2014

"Әкем,анам, және мен- спорттық отбасы" сайысы

16.04.2014 жылы № 8 орта мектепте АҚБҮО жұмыс жоспарына сәйкес,мектепке дейінгі балаларды және ата-аналарды спортпен айналысуға тарту,өскелең ұрпақтың денсаулығын сақтау және отбасындағы қарым-қатынасты дене шынықтыру арқылы нығайту мақсатында "Әкем,анам, және мен- спорттық отбасы" сайысы өткізілді.Сайысқа әр балабақшадан 5-6 жастағы бүлдіршін әкесі,анасы қатысады.Біздің балабақшадан №8 топ тәрбиеленушісі Мұрағали Камила өз отбасымен/әкесі,анасы/қатысты.

Дата: 16.04.2014

"Үздік жыл тәрбиешісі - 2014 жыл"

"Үздік жыл тәрбиешісі -2014" қалалық байқауға №26 бөбекжай тәрбиешісі Ахашова Ардақ Бақтыбайқызы қатысты.Тәрбиеші жүлделі 3 орынға ие болды.
Қалалық байқау 2 турда өткізілді:1.1/тест жұмысы,2/байқауға қатысушылардың өзін-өзі таныстыру ,3/шығармашылық эссе,4/қатысушылардың жетістіктер портфолиосы.
2.1/Десант сабақ,2/"Өнеріңмен таңғалдыр"3/Марапаттау.

Дата: 04.04.2014

"Аман болшы,анашым!" мерекелік ертеңгілік

03.03-06.03.2014 жыл аралығында "Ана-өмір шырағы", "Мерекеңмен анашым!","Айналайын ақ мамам" тақырыбында мерекелік ертеңгіліктер өтті.Ертеңгілікте қонаққа көктем,ертегі кейіпкерлері ,Ақ әже келіп,балалардың аналарына,әжелеріне дайындаған ән шашуларын ,билерін,өлеңдерін тамашалады.Ертеңгілікке роль ойнауда аналар ,әкелер қатысты.

Дата: 06.03.2014

Оқыту семинары

25.02.2014 жылы бөбекжайда жас мамандар және тәлімгерлермен бірлесе оқыту семинары ұйымдастырылды.Жас мамандарға "Тәрбиешінің әдептілігі" тестісі,"Мен қандай адаммын? тренингі өткізіліп, "Адалдық деген не ?" Қандай адамды жауапкершілігі мол адам деп айтуға болады" деген сұрақтар берілді.Тәлімгерлер жас мамандардың жауаптарын сараптап ,өз ойларын айтты.Сондай-ақ жас мамандардың рөльдерді ойнау шеберлігі байқалды.Тәлімгер тәрбиешілер әр кейіпкердің бейнесіне еніп,қимылдарымен мимикасын жеткізе білуге уйретті.

Дата: 06.03.2014

123456789101112131415  ...   20

2010. Все права защищены.   Создание и сопровождение сайта
Mediana.kz
Жүйеге кіру